17 мамыр 21:04
қазақша     русский
 
Аптаның сауалнамасы »
Латын әліпбиіне көшуді қолдайсыз ба ?
иә
жоқ
маған бәрі - бір
Сiздiң пiкiрiңiз
Жауап беру     Нәтижелер
Валюталар бағамы »
17 мамыр
USD 147.94 kzt
EUR 188.09 kzt
RUB 4.77 kzt
Оқылуда »
17 мамыр 09:24
Тәжікстан түрік сериалдарына тыйым салды
41 рет оқылды

17 мамыр 09:03
Алматыда «БМВ» «Субарумен» соқтығысып екіге бөлінді (фото)
37 рет оқылды

17 мамыр 09:59
Усама бен Ладен Қырғызстанда тұрып жатыр
26 рет оқылды

Пікірлер »
Прогноз землетрясения
Follow Today.kz on Twitter

Бейнелер



06 сәуір 13:00

Қазақстанның жаңа сайланған Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты ұлықтау рәсімі 8 сәуірге белгіленді

Қазақстан Республикасының жаңа сайланған Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты ұлықтау рәсімі 8 сәуірге белгіленді.

«Сіздердің назарларыңызға 2011 жылдың  3 сәуірінде өткен Қазақстан Республикасы Президентінің  кезектен тыс сайлауында сайланған Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Ант беру күнін айқындау туралы қаулы енгізіліп отыр. 2011 жылдың 3 сәуірінде өткен Қазақстан Республикасы  Президентінің кезектен тыс сайлауында сайланған Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Ант беру күні - 2011 жылдың 8 сәуірі болып айқындалсын»,-деді ОСК хатшысы Бақыт Мелдешев бүгін, 6 сәуірде өткен ОСК мәжілісінде.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, ҚР Орталық сайлау комиссиясының нақты қорытындысы бойынша 2011 жылдың 3 сәуірінде өткен Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев сайлаушылардың 95,55 пайыз дауысын жинап, жеңіске жетті.

ОСК төрағасы Қ. Тұрғанқұловтың айтуынша, Нұрсұлтан Назарбаевқа сайлауға қатысқан 8 миллион 279 мың 676 сайлаушының 7 млн.  850 мың 958-і дауыс берген. Ал Мемлекет басшысының лауазымына таласқан Қазақстанның Коммунистік халықтық партиясының хатшысы Жамбыл Ахметбековке сайлаушылардың  1,36 пайызы немесе 111 мың 924 адам, «Табиғат» экологиялық одағының төрағасы Мэлс Елеусізовке 1,15 пайызы немесе 94 мың 452 адам, ал Қазақстан Патриоттары партиясының төрағасы, Сенат депутаты Ғани Қасымовқа 1,94 пайызы немесе 159 мың  036 адам дауыс берген. «3 сәуірде елімізде өткен ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауына республикамыздағы сайлаушылардың 89, 99 пайызы қатысты», - деді ОСК төрағасы.

Айта кетейік, 3 сәуір күні Қазақстанда ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауы өтті. Республика бойынша   таңғы сағат 7.00-де барлық сайлау учаскелері ашылды, олар  кешкі сағат 20.00-ге дейін жұмыс істеді.

ҚР Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, елімізде сайлаушылардың тізіміне 9 миллион 200 мың 298 сайлаушы енгізілген.  Сайлаушылар республикадағы 9 мың 725 сайлау учаскелерінде дауыс берді. Сонымен қатар тысқары жерлердегі еліміздің азаматтары Қазақстанның шет мемлекеттердегі дипломатиялық өкілдіктерінің жанынан құрылған сайлау учаскелеріне барып, өз таңдауларын жасады. ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауын 1059 шетелдік және халықаралық ұйымдардың байқаушылары мен Сыртқы істер министрлігінде тіркелген 200-ден астам бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері бақылады.
 

Соңғы жаңалық »

Пікірлер саны: 0
06 сәуір 12:00
ОСК Нұрсұлтан Назарбаевты Қазақстан Республикасының Президенті етіп тіркеді

Бүгін Орталық сайлау комиссиясы кезекті мәжілісінің барысында 2011 жылдың 3 сәуір күні өткен ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауында сайланған Нұрсұлтан Назарбаевты Қазақстан Республикасының Президенті етіп тіркеу туралы қаулы қабылдады.

Жылнама »

Пікірлер саны: 0
05 сәуір 10:30
Президентпен бірге, алға!

Елбасы жеңісі –  асылын ардақтай алған, ерін қолдай білген елдің де ерен жеңісі,


Пікірлер саны: 0
05 сәуір 11:00
Еуропа Кеңесі Парламенттік Ассамблеясы делегациясының құттықтауы

ПА делегациясы (ЕКПА) 2011 жылдың 3 сәуі­рін­де болып өткен Қазақстан Республикасының кезектен тыс президенттік сайлауы жоғары деңгейде ұйымдас­ты­рылғанын қуана құттықтайтыны айтылған.


Пікірлер саны: 0
05 сәуір 12:09
Сайлаудың ақырғы нәтижесі 5 сәуірде жарияланады, президенттің инаугурациясы 8 сәуірде өтеді

Орталық сайлау комиссиясы ҚР президенті сайлауының ақырғы нәтижесін сейсенбі күні түстен кейін жариялайды


Пікірлер саны: 0
05 сәуір 14:35
Республикалық гвардия президентті ұлықтау салтанатына дайындығын бастады

Республикалық гвардияның жеке құрамы президентті ұлықтау салтанатына дайындығын бастады, деп гвардияның құқықтық-тәрбие жұмысы бөлімінен сейсенбі күні хабарлады.


Пікірлер саны: 0
05 сәуір 16:16
Біз, жастар әрқашан да Елбасымен біргеміз

Сайлау ел болашағын айқындайтын таңдау кезеңі


Пікірлер саны: 0
05 сәуір 16:28
ОСК: Назарбаев қайта сайланды

Назарбаевтың инаугурациясы 8 сәуірге белгіленді


Пікірлер саны: 0
05 сәуір 18:00
Серж Саргсян Н.Назарбаевты президенттік сайлаудағы сенімді жеңісімен құттықтады

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Армения Республикасының Президенті Серж Саргсянмен телефон арқылы сөйлесті


Пікірлер саны: 0
06 сәуір 10:40
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевты президенттік сайлаудағы тамаша жеңісімен Вьетнам Социалистік Республикасының Президенті Нгуен Минь Чиет құттықтады

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевты президенттік сайлаудағы тамаша жеңісімен Вьетнам Социалистік Республикасының Президенті Нгуен Минь Чиет құттықтады.


Пікірлер саны: 0
06 сәуір 11:00
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевты президенттік сайлаудағы сенімді жеңісімен Түрік тілдес елдердің Парламенттік Ассамблеясының Бас хатшысы құттықтады

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевты президенттік сайлаудағы сенімді жеңісімен Түрік тілдес елдердің Парламенттік Ассамблеясының Бас хатшысыРамиль Һасановқұттықтады, деп сейсенбі күні президент баспасөз қызметінен хабарлады.


Пікірлер саны: 0
06 сәуір 12:00
ОСК Нұрсұлтан Назарбаевты Қазақстан Республикасының Президенті етіп тіркеді

Бүгін Орталық сайлау комиссиясы кезекті мәжілісінің барысында 2011 жылдың 3 сәуір күні өткен ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауында сайланған Нұрсұлтан Назарбаевты Қазақстан Республикасының Президенті етіп тіркеу туралы қаулы қабылдады.


Дереккөз: ҚазАқпарат

Соңғы жаңалықтар

Бейнебаян »
Алматыда «БМВ» «Субарумен» соқтығысып екіге бөлінді (фото)
Rambler's Top100