Әлем чемпионаты:
Голландия - Испания  Қайырлы кеш! Құрметті футбол жанкүйерлері ! Төрткүл дүниенің назарын өзіне аударған қара құрлықтағы доп додасы да өз мәресіне жақындады. Ақтық айқасқа отыз екінің ішінен суырылып Голландия жжәне Испания құрамалары шықты.
Футбол тарихында бұл екі құрама барлығы тоғыз кездесу өткізіп, төрт мәртеден жеңіске жеткен болатын. Қалған бір ойынды тең ойнаған қос құраманың теп-теңдікті бұзуға бүгін қолайлы сәт. Еске сала кетер болсақ, бұл голландықтар финалдық сайысқа үшінші мәрте жолдама алуы. Ал, испандықтардың ақтық сайысқа тұңғыш шығуы.
Бір қызығы, ақтық сайыс тек қана әлем чемпионын анықтап қана қоймай, әлем сұрмергенін де сараптап бермек. Қазір бұл атаққа үміткерлер Весли Снейдер, Давид Вилья, Томас Мюллер және Диего Форлан болып тұр. Лайда, соңғы екеуінің Оңтүстік Африкадан ертерек қайтуына тура келгендіктен, талас Снейдер мен Вилья арасында өрбімек. Қазір қос мықтының қоржынында бес голдан. Айтып бола ма, ақтық сайыста голландықтар жеңіске жеткен жағдайда, Снейдер чемпиондар лигасы мен әлем тәжін киген он бірінші ойыншы болуы мүмкін. Дегенмен, доп домалақ екеніні ұмытпайық. Комментатор: Имантай Айдос 1' Мінекей, алаң ортасынан голландықтар ойын бастады. 1' Ван Перси буксетсеге қарсы ойын тәртібін бұзып үлгерді 3' Вилья ойын тыс қалуда. Испанияның қарқыны қатты. 4' Голландықтар ойыны дөрекі басталуда. төрт минутта үш ескерту. 5' Айып добын орныдау Хави еншісінде. әуелеген допты Хамос қақпаға бағыттағанымен, қақпашы орнынан табылды. 6' голландықтардың алғашқы соққысы. Кейт еш дайындықсыз бағыттады, өте әлсіз. 9' Вильяға қарай пас берілді. алайда, допқа бірінші жеткен - Стекеленбург 10' Голландықтар пас өткізуде 11' Хамос қорғаушы қапы қалдырып, қақпаға соққы жасады. доп Хейтингидің аяғына тиіп, алаң сыртына кетті. 12' Вильяны бақылаған дұрыс. Форвард жер бауырлата пас шығарды. 14' алғашқы сары қағаз! Ван Персиге қарсы ойын тәртібі бұзылды. Калдевииле осымен екінші ескерту. 16' Сары қағаз Пуйолға да берілді. 17' Снейдер айып добын қақпаға бағыттады. Касильясқа бұл соққы қиындық тудырмаған секілді. 20' Роббен бұрыштама добына қол жеткізді, 22' Бан Боммель Иньестаға қарсы өрескел ойын бұзды. Сары қағаз! 23' Осымен ойын басталғалы төртінші сары қағаз! бұл жолғысы Рамосқа тиесілі. 25' Алаңдағы айқайдан құлақ тұнардай. Ойын дөрекі өтуде. үйлесімді әдемі ойын өрнегін байқау қиын, қайта-қайта ескертулер мен сары қағаздар. 29' Де Йонг де сары қағаздан құтылмады. Өзінен де бар, Алонсоның кеудесіне аяқпен мінегендей әсер қалдырды. мүмкін қызыл беруі керек пе еді?! 31' Статистикалық мәлімет, допқа иелік 44 те 66 пайызбен Испания еншісінде. әдемі ойынды әлі көре алмай отырмыз 33' бускетс допты алаң сыртына шығаруға әрең үлгерді. бұл да болса... 37' Әдемі берілген бұрыштама добын Матесен қолдана алмады. сол аяғымен тоқтатып үлгергенімен, гол соғуға шамасы жетпеді 39' Испадықтар қарымта шабуылда. Педроның алаң ортасынан тепкен добы қақпа бағанасын жанай өтті. 42' Қос команда да волейбол ойнап жүргендей әсер қалдырады. Доп біресе алаң ортасына ойысса, біресе айып алаңына жаақындайды. бірақ бір жерде ұзақ бөгелгені аздау. 45' Төреші негізгі уақытқа екі минут қосымша үстеді. 45+1' Роббен айып алаңынан соққы жасады. Касильяс дер кезінде қимылдады. 45+2' Сонымен, футболдан әлем чемпионатының ақтық сайысының бірінші таймы да аяқталды. Жеңімпаз әлі анықталмады 46' 47' Бұрыштан допты ойынға қосқан Пуйоль калдевильге пас шығарғанымен, діттеген жерге жетпеді 49' испандықтар өз алаңдарында қателік жіберуде. Роббен қақпа бұрышына соққы жасады. Касильяс тағы да өз орнында! 52' Айып алаңынан сәл тысқары жерде Рамосты құлатты. Ван Бронхорстқа сары қағаз! 53' Хави допты тоғыздыққа дәлдегенімен, нәтиже шықпады. 55' Бүгінгі ойын жасалған ескертулермен өтетін сынды, Хейтингиге төреші ескерту жасады 56' Қызықсыз ойын көрініс. Иньеста Роббенді аяқтан шалды, төреші ұзақ ойланғанымен, шешім қабылдамады 57' Әуелете берілген допқа Рамостан бұрын үлгерген Роббен басымен қақпаға бағыттады. қақпа бағанасынан санаулы сантиметр ғана қиыс кетті 58' Ойыншы алмастыруда, Алаңға Педроның орнына Навас шықты. 61' Барған сайын қателіктер көбейе түсуде. Роббен қақпашымен бірге-бір қалу мүмкіндігін дұрыс пайдалана алмады 65' Иньеста мен Хави пас бере отырып, допты қарсыластардың айып алаңңына жеткізгенімен, қауіпті сәт тудыра алмады. Қарымта шабуылға тойтарыс беруге ұмтылған Калдевил осы ойындағы сегізінші сары қағазды алып тынды 67' Вилья әлемнің үздік сұрмергені болатын мүмкіндікті жіберіп алды. 68' Ойыншы алмастырылуда. Элиа Кейтті ауыстырды. 74' Тыңнан қосылған Навостың ойыны ерекшелекнуде. оның берген пастары діттеген жеріне дәл жетуде 75' Рамос тегеурінді соққы жасады. Дәлдік жетіспейді 78' Ойын шиеленісуде. Иньеста Ван Боммель соққы жегенімен, төреші тыныш қалдырды. Бұнымен келіспеген ол артынан итеріп қалды. Төреші тағы көрмегенсуде 80' Иньеста жасандылыққа салынды, Қарсыластар айып алаңына құлаған ол төрешінің он бір метрлік айып дбын белгілеуі үшін жанын салуда 82' Осымен екінші мүмкіндікті құр жіберді, Роббен! Пуйольді орағытып өтіп, допқа жеткенімен, бірден соққы жасай алмады. Осы сәтті құр жібермеген қарсыласы да допқа өз иелігіне алды. 83' Бас төрешіге Роббен әлденені түсіндіруге тырсуда. Көп сөйлескісі келмеген ол сары қағазды тағы бір жылт еткізді 86' Алонсоны алмастырған Фабригес ойынға қосылды 89' Ван Перси ойыннан шет қалды. Тіпті бұлай есептемегеннің өзінде, гол салуға мүмкіндік мүлде жоқтын 90' Негізгі уақытқа үш минут қосымша қосылды. 90+2' алаң ортасында Хави допқа иелік етуде 90+3' Веббтің ысқырығы естілгенімен, әлем чемпионатының қызығы аяқталмады. Бұл тек негізгі уақыттың біткенін аңғартады 91' Бірінші қосымша тайм басталды 93' Роббен жорығын тоқтату үш қорғаушының қолынан әрең келді. 97' Стекеленбург !!!! Бірге-бір келген Фабригестен аяғынан допты шеберлікпен ала білді! 98' Қарымта соққыны Матейсен шүйдесімен бағыттады, Доп қақпадан сәл ғана биіктеу кетті 100'
Иньеста әдемі шабуылды сәтсіз аяқтады. қос қапталында да ашық тұрған жақтасына пас шығарғанда, бәлкім... әйтеуір, сәтсіздік.. 100' Голландия құрамасы ойыншы алмастыруда. Де Йонг орнына Ван Дер Варт шықты 104' Фабригес алаң бойымен допты өзі алып келгенімен, соққысына дәлдік жетіспеді. 105' Голландия тағы бір ойыншысын алмастыруда, құрама капитаны орнына Брафхейд шықты 105+1' Ысқырық естілді, Құрамалар қақпа ауыстырады. 106' Жалғастырамыз, Көптен күткен Торресті көретін сәт туды 108' Испандықтар ойын тізгінін өз қолдарына ала бастады 109' Элья допты өзінен алысқа жіберіп алды, нәтижесінде доп қарсыластарда 111' Екінші сары қағаз көрсетілді Хейтингге. Голландықтар бір адамға азайды. 112' Хави!!!!!!!!................Сәл қиыс кетті 114' Ван Дер Вартқа сары қағаз берілді. Қайталап көрсетуде, Иньестаның жалған істегені көрініп қалды. Испандықтардың бүгінгі ойыны сүреңсіз өтуде 115' Снейдер айып добын соғуға дайындалуда. қақпадан сәл қашықтау. 116' Соққы! қорғаушылар қамалына соғылып, алаң сыртына шығып кетті 116' ГОООООООЛ!!! Иньеста!!!!!!!!!!! 117' Торрес әуелетіп берді. Ван Дер Варттың қателігі! Иньестаға гол соғудан басқа жол жоқ! 119' 120+1' Он төртінші сары қағаз! иесі - Хави! 120+2' Торрес жарақат алған сынды, төрешінің ойынды тоқтатар түрі көрінбейді 120+2' міне, төреші ысқырығы! ойын аяқталды! ИСПАНИЯ футбол тарихында тұңғыш рет әлем чемпионы!!! |