22 мамыр 20:47
қазақша     русский
 


Бөлімнің басқа жаңалықтары »

22 мамыр 17:39
Қытайға су тасқынынан шамамен 96 миллион доллар шығын келген | 0

22 мамыр 16:42

22 мамыр 16:12
Д.Медведьев өзін «Димон» деп атайтындарға ренжімейді | 0

22 мамыр 14:18
Жалғыз қалған аққу тікұшақты серік етіп жүр | 0


Әлемде

сурет judge24.livejournal.com сайтынан



19 тамыз 15:34

Солтүстік Корея Оңтүстік Кореяны жойып жіберуге дайын

Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын республика қарулы күштеріне Оңтүстік Кореяны жойып жіберуге дайын тұру жөнінде бұйрық берді.

Ким Чен Ын бұл бұйрықты бүгін басталып, 30 тамызда аяқталатын АҚШ пен Оңтүстік Кореяның жыл сайынғы бірлескен әскери жаттығуына байланысты шығарған болатын.

«Бұл жаттығуды Солтүстік Корея арандатушылық ретінде бағалайтынын айтады»,- дейді «Интерфакс» агенттігіне сілтеген nur.kz сайты. Әскери бөлімдерді аралаған сапарында ол Солтүстік Кореяның қорғауындағы жерлерге қандай да бір наряд түсе қалса, Оңтүстік Кореяны жойып жіберетін соққы беруге дайын отыруды айтқан еді.

Ким Чен Ын сондай-ақ, өткен жылы қараша айында Оңтүстік Корея жерін зеңбірекпен атқылап, көрші елдің 4 азаматын өлтірген солдаттарға да алғысын айтты. Бұл қақтығыста Оңтүстік Корея да қарсы оқ атып, екі жақ ұрысты алғаш кім бастағаны жөнінде дауласқан еді.

Осы аптада Солтүстік Корея өз елдеріндегі коммунизм көсемдерінің ескерткіштерін құлату үшін АҚШ пен Оңтүстік Кореяның террористік әрекеттер жасауға ниеттеніп отырғанын жазып, бірқатар халықаралық ұйымдарға хат жолдаған болатын.

Коммунизм көсемі Ким Ир Сеннің ескерткішіне қауіп төнуіне байланысты Солтүстік Корея басшылығы республиканың ядролық саясатын түбегейлі қайта қарамақшы.

Дереккөз: azattyq.org

Ваша оценка: 0   0

Пікір қосу »

Аты*:
E-mail:
Пікір*:
Код*: обновить рисунок


Пікірлер »

Құрметті оқырмандар! Today.kz редакциясы сіздерге өтініш білдіреді! Пікір жазған кезде,балағат сөздерден, басқаның намысына тиюден аулақ болыңыз.

Соңғы жаңалықтар

Бейнебаян »
Еліміздің Республикасы Қарулы Күштерінің Жауынгерлік парады өтті (фото)
Rambler's Top100