Израиль Газадағы мұсылмандардың адам сияқты өмір сүруіне мүмкіндік бермей отыр. Бұл туралы Газа секторындағы Денсаулық министрлігінің өкілі Ашраф әл-Кедра мәлімдеді.
Оның айтуынша, Газа халқы тұтынып отырған су Израиль басқыншылығынан кейінгі жылдар ішінде қатты ластанып кеткен.
Лас судан әсіресе балалар зардап шегуде. Олардың арасында ішек аурулары жиілеген. Ал, жергілікті дәрігерлердің балаларды емдеуге мүмкіндіктері жоқ. Дәрі-дәрмек пен арнайы құрал-жабдық жетіспейді, деп хабарлайды Мuslim.kz.
Біріккен ұлттар ұйымының мәліметі бойынша, Газа секторының жағалауындағы судың 90 пайызы ішуге жарамсыз. Судағы аса улы заттар – нитрат пен хлорид көлемі күн сайын артып барады.
Бұған басты себеп, Израиль 2009 жылы осы аймақтағы су тазартатын станцияларды бомбалап, істен шығарған. Бұл аз дегендей, еврей басқыншылары Газаға су тазартқыш құрылғылардың әкелуіне де тосқауыл қойып отыр.
Израиль Газа секторын 2007 жылы күшпен басып алды. Сол кезден бастап мұнда жұмыссыздық рекордты деңгейге жетіп, мұсылмандар бір тілім нанға зар болып отыр.
сурет bbc.co.uk сайтынан