Республикалық партия атынан АҚШ президенттігіне кандидат Митт Ромни Израиль ядролық қаруға ие болуына жол бермеу үшін Иранға әскери күш қолданатын болса құптауға дайын екендігін жеткізді.
Бұл жөнінде журналистерге бүгін Иерусалимде Ромнидің ұлттық қауіпсіздік бойынша аға көмекшісі Дэн Синор хабарлады.
Бұл ұстаным «Израильдің Иранға қарсы қандай да бір әскери шарадан тартына тұрғаны дұрыс болатыны» жөнінде айтып жүрген АҚШ президенті Барак Обаманың ұстанымына кереғар келеді.
Бүгін Митт Ромни Израиль жетекшілерімен кездеседі.
сурет mittromneycentral.com сайтынан