20 мамыр 10:28
қазақша     русский
 

Тақырып бойынша жаңалықтар »




Бөлімнің басқа жаңалықтары »

20 мамыр 09:13
Швеция құрамасы Әлем чемпионы болды | 0

19 мамыр 14:31
FILA күрес ережелеріне өзгерістер енгізді | 0

19 мамыр 10:20
Париждегі Қазақ құрылтайы футбол бәсекесімен басталды | 0

19 мамыр 09:40
Оралдың «Ақжайығы» «Атырауды» 4:0 есебімен ойсырата ұтты | 0


Спорт

сурет prosportkz.kz сайтынан



07 тамыз 14:54

Бүгін Сарыарқаның серкесі Серік Сәпиев шаршы алаңға шығады

Бүгін Лондонда өтіп жатқан Олимпиада ойындарында бокстан 69 кг дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Серік Сәпиев венесуэлалық қарсыласы Габриэль Маэстро Переспен қолғап түйістіреді.

Естеріңізге сала кетейік, Лондонда өтіп жатқан Олимпиада додасының жетінші күні Серік Сәпиев 1/8 финалда жапондық боксшы Ясухиро Сузукимен кездесіп, күншығыс елінің спортшысын 25:11 есебімен ойсырата жеңген болатын. Енді ол бүгін Венесуэла елінен келген спортшы Габриэль Маэстро Переспен қолғап түйістіреді. Осы тартысты жекпе-жекке болжам жасаған Олимпиада чемпионы Бақыт Сәрсекбаев Сәпиевтің жартылай финалға өтуіне толық мүмкіндік бар деген болатын.

«Венесуэлалық спортшының жекпе-жегін көрдім. Алдын ала болжағым келмейді, дегенмен Серік оны жеңуі тиіс. Әрине, қарсыласы жас, алған бетінен оңай қайтпайды. Алайда Серіктің тәжірибесі мол», - деген болатын Б.Сәрсекбаев.

Олимпиадаға тек қана алтын үшін барған арланымыз Серік Сәпиев пен венесуэлалық қарсыласы Габриэль Маестро Перестің кездесуінің тікелей көрсетілімін түнгі сағат 2.15-те «Хабар» арнасынан тамашалай аласыздар.

Назарларыңызға Сәпиевтің жапондық спортшымен өткізген жекпе-жегінің видеосын ұсынамыз. Ақпарат bnews.kz сайтынан.

Ваша оценка: 0   0

Пікір қосу »

Аты*:
E-mail:
Пікір*:
Код*: обновить рисунок


Пікірлер »

Құрметті оқырмандар! Today.kz редакциясы сіздерге өтініш білдіреді! Пікір жазған кезде,балағат сөздерден, басқаның намысына тиюден аулақ болыңыз.

Соңғы жаңалықтар

Бейнебаян »
Еліміздің Республикасы Қарулы Күштерінің Жауынгерлік парады өтті (фото)
Rambler's Top100