Бүгін Лондон Олимпиадасында әйелдер арасында 78 келіден жоғары салмақ дәрежесінде белдескен қазақ спортшысы Гүлжан Исанова Оңтүстік Кореяның өкілі На-Янг Кимді жеңіп келесі айналымға шықты.
Атап өтер жайт, бойы 181 сантиметр, салмағы 78 келі Исановаға бұл жолы биік және екі еседей ауыр бәсекелес кездесті: Кимнің салмағы 140 килограмм, бойы - 189 сантиметр.
Бұл жекпе-жекте екі спортшы да әрқайсысы бір-бірден "юко" және екі-екіден ескерту алғанымен, қортындысында жеңіс қазақ спортшысына берілді.
Енді бүгін келесі айналымда Гүлжан Исанова британ спортшысы Карина Бринтпен кездеседі.
сурет alaman.kz сайтынан