Лондон Олимпиадасына қатысатын спортшылардың алғашқы тобы Ұлыбритания корольдігіне шілденің 18-і күні ұшып кетеді. Бұл туралы Спорт және дене шынықтыру ісі жөніндегі агенттік басшысы Талғат Ермегияев хабарлады. Лондонға алғашқылардың бірі болып баратын Қазақстан делегациясының қатарына 180 адам кіреді. Оның ішінде, спортшылар мен бапкерлерден бөлек, дәрігерлер де бар. Қалған спортшылар Англия астанасына жарыс кестесіне орай ұшып келеді.
Қазақстан құрамасы Лондон Олимпиадасына спорттың 25 түрінен 115 спортшысын аттандырады. Осыдан төрт жыл бұрынғы Бейжің Олимпиадасында жерлестеріміз спорттың 23 түрінен жолдама жеңіп алған еді.
сурет feerie.com.ua сайтынан