Брукхейвен ұлттық зертханасының ғалымдары кварк-глюонды плазма алды, оның температурасы 4 триллион градус Цельсийді құрады. Осының нәтижесінде олар Гиннесстің Рекордтар кітабына енді, сөйтіп, қол жеткізілген температура көрсеткіші ресми түрде мойындалды.
Мұндай температураға ғалымдар алтын иондарын жарық айналасы жылдамдығында соқтығыстыру тәжірибесі нәтижесінде қол жеткізді.
Айта кетейік, бұған дейін ең ыстық зат 2010 жылдың ақпанында алынған болатын. Алайда соңғы кезге дейін бұл рекордты Гиннесcтің Рекордтар кітабы мойындамай келді. Сонымен қатар 2010 жылдың қарашасында Үлкен адронды коллайдерде 10 триллион градус температура алынды, дегенмен бұл мәліметтер де жария етілмеді. Сондықтан да Брукхейвен ұлттық зертханасының ғалымдары қол жеткізген нәтиже мойындалып отыр. Ақпарат 1tv.kz сайтынан.
сурет fontanka.ru сайтынан