22 мамыр 05:55
қазақша     русский
 

Тақырып бойынша жаңалықтар »

22 маусым 16:39
ҰБТ-да Роза Рымбаеваға қатысты бірде-бір сұрақ болған жоқ | 0

22 маусым 10:49
ҰБТ-да Алматы қаласының оқушылары көрсеткен нәтиже еліміздегі ең жақсы, ең адал көрсеткіш деп білемін | 0

21 маусым 16:11
Ақтөбеде «Алтын белгі» иегеріне «ВАЗ-21115» автокөлігін сыйға тарту етеді | 0

21 маусым 14:44
Талдықорғанда сөйлеу қабілеті бұзылған және сөйлеу кемістігі бар балаларға арналған балабақша ашылды | 0



Бөлімнің басқа жаңалықтары »

21 мамыр 16:51
Алкогольді сусындардың ішіндегі ең зияндысы сыра | 0

21 мамыр 16:05
Ғалымдар араларға жарылғыш зат іздеуді үйретті | 0

21 мамыр 14:05
БҒМ: 58 мың студент жатақханамен қамтылу қажет | 0

21 мамыр 09:51
Yahoo Tumblr-ді сатып алмақ | 0


Ғылым және өркениет

сурет zakon.kz сайтынан



22 маусым 18:01

2012 жылы 537 білім ошағына e-learning жүйесі енгізіледі

«E-learning» бағдарламасы электрондық оқыту форматында білім алу қағидасына негізделген жаңа білім моделі болып табылады. Былтыр бұл жүйеге ілкі режимде 44 білім ошағы қосылса, жаңа оқу жылында e-learning бағдарламасы еліміздің 537 оқу мекемесіне енгізілгелі отыр, деп хабарлады pm.kz сайты.

Е-learning электронды оқыту бағдарламасы Елбасының тапсырмасы бойынша ҚР Үкіметі 2010 жылдан бастап іске асырып  келе жатқан  Білім беруді дамыту мемлекеттік бағдарламасының маңызды бағыттарының бірі болып табылады.

Жаңа оқу жылында электрондық оқыту жүйесі 537 орта, техникалық және кәсіптік білім ошақтарына енгізіледі, соның арқасында білім мекемелері өткізу мүмкіндігі 4-10 Мбит/сек жылдамдықты құрайтын Интернет желісімен қамтамасыз етіледі.

«Орта білім беру жүйесінде e-learning жобасын дамыту нәтижелі жалғасуда, бұл жаңа модельге тағы 537 мекеме қосылғалы отыр. Әлемдік тәжірибе мен ілкі жобаның нәтижесіне жүргізілген талдаулардың негізінде e-learning тұжырымдамасы  әрі қарай  жетілдірілуде. 2020 жылға бейін еліміздегі мектептердің 90 пайызы осынау жобамен қамтылатын болады»,- деп атап көрсетті білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов Парламент Мәжілісінде «Үкімет сағатында» сөйлеген сөзінде.

Жаңа жүйе енгізілетін мектептерде сымсыз Wi-Fi желісі жұмыс істейтін болады, заманауи дербес компьютерлер, ноутбуктер, моноблоктар, интерактивтік және мультимедиялық проекторлар, планшеттер мен классмейттер орнатылады.

Қазіргі таңда Қазақстанда 16 оқушыға 1 компьютерден келеді. Мектептердің 98 пайызы, оның ішінде ауыл мектептерінің 97 пайызы Интернетке қосылған, 43,1 пайызы кеңтармақты Интернетпен қамтылған. Оған қоса, 459 мектеп лингафон және мультимедиялық кабинеттермен жарақталған.

Электрондық жаңа жүйенің ерекшелігі сол, ол алыс ауылдардағы білім берудің сапасын арттыруға, қала мен ауылдағы білімнің деңгейін теңестіруге мүмкіндік береді.

Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, e-learning жүйесі білім беруді жаңғыртудың негізгі құралдарының бірі болып табылады. Оңтүстік Кореяда, Финляндия мен Ирландияда электрондық оқытудың арнайы ұлттық бағдарламасы іске асырылады. Францияда ақпараттық-коммуникациялық технологиялар білім беру үрдісінің барлық саласына, балабақшадан бастап ересектерді оқытуға дейін енгізілде. АҚШ, Ұлыбритания, Австралия, Жаңа Зеландия және Канада елдерінде электрондық оқыту жүйесі күнделікті тәжірибеге енгізгелі қашан.

Бұған дейін хабарлағандай, e-learning жүйесін әрі қарай ықпалдастыру үшін 5-11 сыныптарға арналған «Қазақстан тарихы» пәні бойынша қазақ және орыс тілдерінде 468 сандық білім ресурсы әзірленіп отыр. Оған қоса, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» АҚ-ында e-learning бағдарламасы бойынша орта мектептердің оқушылары мен мұғалімдері үшін онлайн-семинарлар мен сабақтар өткізілуде.

E-learning - бүгінде әлемнің көптеген елдерінің білім беру жүйелеріне екпінді енгізіліп отырған оқытудың ілгерінді әдісі. Электрондық оқытудың осынау ауқымды жобасын іске асыру Қазақстанның білім беру жүйесін әрі қарай дамытудағы маңызды қадам болып табылады.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Ваша оценка: 0   0

Пікір қосу »

Аты*:
E-mail:
Пікір*:
Код*: обновить рисунок


Пікірлер »

Құрметті оқырмандар! Today.kz редакциясы сіздерге өтініш білдіреді! Пікір жазған кезде,балағат сөздерден, басқаның намысына тиюден аулақ болыңыз.

Соңғы жаңалықтар

Бейнебаян »
Еліміздің Республикасы Қарулы Күштерінің Жауынгерлік парады өтті (фото)
Rambler's Top100