19 маусым 17:00
қазақша     русский
 


Бөлімнің басқа жаңалықтары »

19 маусым 14:54
Батысқазақстандық полицейлер ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға қолұшын созды | 0

19 маусым 13:22
Арал теңізі қалпына келе бастады | 0

19 маусым 10:25
Павлодар облысында шегірткеге қарсы дәрілеу жұмыстары жүріп жатыр | 0

18 маусым 17:19
Жұрт маршруттың жарты жолдан тастап кететініне наразы | 0


Тыныс-тіршілік

сурет kaznmu.kz сайтынан



16 шілде 16:45

Алматыда жылжымалы кітапхана іске қосылды

Алматыда АҚШ-тың дипломатиялық миссиясы жылжымалы кітапхананы іске қосты. АҚШ-та Street Lab, Inc. коммерциялық емес ұйымы құрған Uni жобасы қаладағы қолжетімді кеңістікті қоғамдық залға уақытша ауыстыруды өз мақсаты ретінде қойып отыр, осы арқылы ол кітаптардың күнделікті өмірдегі маңыздылығы мен қолжетімділігін атап өткісі келеді.

«АҚШ-тың Қазақстандағы дипломатиялық миссиясы Балалар кітапханасы, Халықаралық білім беру бойынша америкалық кеңес пен «Шеврон» компаниясымен бірлесіп, Мәдениет жылы аясында Uni жобасын ашады. Uni жобасы – модульді жылжымалы кітапхана және ол жаз бойы Алматының қоғамдық орындарында орналасып, түрлі жастағы адамдарды кітаптармен оңай қамтамасыз етеді», - деп хабарлады АҚШ-тың Бас консулдығынан. Бұл туралы Bnews.kz хабарлайды.

Дөңгелекті кітапхана кезекпен қаланың барлық жеті ауданын: Медеу, Түрксіб, Алатау, Жетісу, Бостандық, Әуезов пен Алмалы аудандарын 6 шілде-16 қыркүйек аралығында аралайды.

Айта кетейік, Uni жобасының топтамасы иллюстрациялық кітаптардан, өнер сериясындағы альбомдардан, анықтама әдебиетінен, балаларға, жасөспірімдер мен ересектерге арналған қазақ, орыс, ағылшын тілдеріндегі журналдардан тұрады. Сондай-ақ қызығушылық танытқан жандар АҚШ университеттеріне түсу бойынша кеңестер ала алады.

Алматы – Uni жобасы осынша ұзақ уақыт іске асырылатын әлемдегі алғашқы қала болды.

Дереккөз: 1tv.kz

Ваша оценка: 0   0

Пікір қосу »

Аты*:
E-mail:
Пікір*:
Код*: обновить рисунок


Пікірлер »

Құрметті оқырмандар! Today.kz редакциясы сіздерге өтініш білдіреді! Пікір жазған кезде,балағат сөздерден, басқаның намысына тиюден аулақ болыңыз.

Соңғы жаңалықтар

Бейнебаян »
Еліміздің Республикасы Қарулы Күштерінің Жауынгерлік парады өтті (фото)
Rambler's Top100