Астанадағы ана және бала ұлттық ғылыми орталығында алып-бала дүниеге келді, деп хабарлады орталықтың баспасөз қызметінен.
«Ұлттық ғылыми ана мен бала орталығында салмағы 6 кг 820 гр болатын нәресте туылды. Оның бойы 63 см, 37 апта жүктіліктен соң туылды», - делінген бейсенбі күнгі таратылған хабарда.
Хабарда айтылғандай, нәресте «кесарево арқылы анасының ішін жарып алынды, себебі нәресте өте үлкен болды».
Қазір нәресте мен оның анасы дәрігерлер бақылауында және жақында үйлеріне қайтады.
«Бұл анасының үшінші баласы. Біріншісі қыз бала салмағы 3 кг 500 гр, екіншісі ұл бала 4 кг 100 г салмақпен туылыпты», - делінген хабарда.
Орталық дәрігерлері бұл осы емхананың 5 жылдық тарихындағы тұңғыш оқиға деп отыр.
Баспасөз қызметінің мәліметтерінше, 2012 жылы ақпанда Көкшетауда 25 жасар Жанар Баймолдинада 6 кг 645 г салмақтағы нәресте туылыпты. Ол да кесарево арқылы дүниеге келіпті.
Әлемдегі ең ірі нәресте 1955 жылы Италияда туылыпты. Оның салмағы 10 кг-дан асқан екен. Әзірге ол рекордты ешкім жаңартқан жоқ.
сурет com.ua сайтынан