Алматыда шұғыл әрекет қызметтері үшін оперативтік басқарудың бірдей телефон номерлері бар бірыңғай орталығы ашылады, деп хабарлады қала әкімінің баспасөз қызметінен.
«Алматыда біздің барлық шұғыл әрекет қызметтерін бір телефон номері бар бір орталықтандыру қажеттігі туындады. Халыққа шұғыл көмек көрсету үшін полиция, медициналық, өрт қызметінің т.б. қызметтерді өзара тығыз байланыстыру қажет. Біз бұған қажет барлық қаражатты бөлеміз», - деді Алматы әкімі Ахметжан Есімов деп, баспасөз қызметі бейсенбі күні хабарлады.
Бұл үшін қала әкімі бір ай ішінде қаладағы осындай барлық қызметтің жұмысын зерттеп, бір орталықтандыру мәселесін пысықтауды тапсырды.
Сондай-ақ хабарда қаладағы қалалық қоғамдық көлік проблемасын шешуді жеңілдету үшін бірыңғай call-орталық құру бойынша «Ақылды қала» жобасы талқыланды.
«Ақылды қала» бірыңғай call-орталықты, бағдаршамдар мен бақылау камераларын басқару орталығын, көше жарықтаныдруын қамтиды», - делінген ақпараттық хабарда.
Әкімшілік мәліметтерінше, «Ақылды қала» жобасын іске асыру үшін Еуропалық банктың несие комитеті €15 млнсомадағы несие беруді мақұлдады.
сурет effektivno.ru сайтынан