«Эйр Астана» АҚ «Әлем әуекомпаниялары-2012» сыйлығы аясында «Орталық Азия мен Үндістанның үздік әуекомпаниясы» аталымы бойынша үздік деп танылды.
Жеңімпаз әлем елдеріндегі жолаушылар арасында телефон арқылы сұрау жүргізу, онлайн-дауыс беру және сауалнама әдісімен анықталды. Ол 10 ай бойы жүргізіліп, әуе мен жердегі қызметті бағалаудың 38 негізгі көрсеткіші бойынша анықталды. Оның ішінде тіркеу, бортқа орналастыру, жолаушы орындығының жайлылығы, салонның тазалығы, тамақ пен сусын сапасы, борттағы сауықтыру жүйесі мен қызмет көрсету бар.
Зерттеу барысында әлемнің ірі халықаралық әуе желілерінен бастап ішкі әуе тасымалдаушыларына дейінгі 200-ден астам әуекомпаниясы белгіленді. Онда Air Astana өз аталымы бойынша - Indigo Airlines, Jet Airways, SriLankan Airlines, Kingfisher Airlines, Spicejet, Jetlite, Uzbekistan Airways, Pakistan International, Air India сияқты әуе компанияларын артқа тастап, үздіктер көшін бастады.
сурет inform.kz сайтынан