Астанада қала әкімшілігінің қаржыландыруымен Діни мәселелерді зерттеу және психологиялық сауықтыру орталығы ашылды.
Орталықтың мақсаты – діни ахуалды зерттеу және мониторинг жүргізу, дін саласындағы өзекті мәселелерді, үрдістерді саралау, сонымен қатар дін мәселелері бойынша ақпараттық және консультациялық көмек көрсету – білім беру мекемелері мен мемлекеттік органдар үшін.
Көмек көрсету орталығында психология, дінтану және әлеуметтану саласындағы мамандар қызмет атқаратын болады.
«Одан бөлек, орталық теріс ағымдағы діни секта құрбандарына, зардап шеккендердің туған-туыстарына қолдау көрсететін болады. Қазірдің өзінде «ыстық желі» жұмыс істеп тұр, сол арқылы елдер психологтың кеңесіне жүгіне алады», - деп қосты Е. Смағұлов.
Астанадағы «ыстық желі» телефондары: 50-24-98.
BNews.kz сайтынан
сурет bestpersons.ru сайтынан