Оңтүстік астанада дүйсенбі күні кешкісін «Лексус» автокөлігі жол жиегінде тұрақтап тұрған көлікке соқтығысқан, оқиға Өтеген батыр көшесінің бойында Әуезов ауданының ішкі істер департаментінің аудандық бөлімшесінің алдында орын алды.
Нәтижесінде 5 адам зардап шегіп, қымбат 3 автокөлік қирады.
Куәгерлердің айтуына қарағанда «Лексус» автокөлігі Өтеген батыр көшесімен солтүстіккті бағытқа алып, қатты жылдамдықпен келе жатқан. Көлікті басқара алмай қалған жүргізуші жол жиегіндегі "Мицубиси" мен "Мередес" автокөліктеріне барып соқтығысады.
Қатты соққыдан "Мицубиси Монтеро" аударылып қалған. Бес адам зардап шеккен. Олардың үшеуін медициналық көмектен кейін медециналық мекемеге жеткізген. Біреуі ауруханаға барудан бас тартады, ал енді біреуі медециналық көмек көрсетілгеннен кейін оқиға орнынан қашып кеткен.
Болған оқиғаның себептерін жол полициясының қызметкерлері анықтауда.
сурет Іляс Жангельдиндікі