19 мамыр 18:43
қазақша     русский
 

Тақырып бойынша жаңалықтар »

14 маусым 09:30
Алматыда жыл басынан 26 «жеңгетай» құрықталды | 0



05 қаңтар 17:14
Алматыда «жеңгетайдың» тұтқынынан 16 жастағы қыз босатылды | 0



Бөлімнің басқа жаңалықтары »

19 мамыр 15:49
Пәкістанда саясаткер әйелді өлтіріп кетті | 0

19 мамыр 13:51
Атырау облысында жол апатынан 6 адам қаза тауып, тағы бесеуі ауруханаға жеткізілді | 0

19 мамыр 12:10

18 мамыр 18:11
Атырау облысында «КамАЗ» жүргізушісі өз ұлын қағып кетті | 0


Оқыс оқиға

сурет novostey.com сайтынан



10 шілде 16:35

Алматыда Өзбекстан азаматшасы – жезөкшелік үй қожайыны ұсталды

Алматының Түрксіб ауданында 2 бөлмелі пәтерде жезөкшелік ортаны ұйымдастырған 30 жастағы Өзбекстан азаматшасы ұсталды. Оның қол астындағы қыздардың ішінде үш қазақстандық болған.

30 жастағы Ризвана – жезөкше үйінің қожайыны бұрын жезөкшелікпен айналысқан. Өзінің бұрынғы «кәсібінің» арқасында әйел адамдармен тез тіл тауып отырған.

«Оның осы қасиеті азаматша Р. өмірінде үлкен рөл ойнаған. Шетел азаматшасы өзге мемлекетке тез үйреніп, екі бөлмелі пәтерді арзан бағаға жалға алып, клиенттермен тез келісімге келіп отырған. Жезөкшелік ордасы Алматының Түрксіб ауданындағы жол бойында орналасыпты. Жеңгетайлықпен айналысқан әйелдің қол астында жезөкшелік қызмет ұсынған біздің үш отандасымыз болған», - деді Алматы қаласы ІІД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы, полиция капитаны Қуат Науатов.

«Жеңгетай» өткен демалыстарда қолға түскен. Оның жеке басына қатысты мәліметтерін анықтау барысында Қазақстанда заңсыз жүргені анықталыпты.

Айта кетейік, жезөкшелік орда мен жезөкшелікпен айналысу үшін арнайы орынды ұйымдастырғаны үшін Алматы ІІД аудандық бөлімшесінде қылмыстық іс қозғалды. Ақпарат 1tv.kz сайтынан.

Ваша оценка: 0   0

Пікір қосу »

Аты*:
E-mail:
Пікір*:
Код*: обновить рисунок


Пікірлер »

Құрметті оқырмандар! Today.kz редакциясы сіздерге өтініш білдіреді! Пікір жазған кезде,балағат сөздерден, басқаның намысына тиюден аулақ болыңыз.

Соңғы жаңалықтар

Бейнебаян »
Еліміздің Республикасы Қарулы Күштерінің Жауынгерлік парады өтті (фото)
Rambler's Top100