Жапондық Mitsubishi Motors компаниясы өзінің Нидерландыдағы зауытын 1 еуроға сатты. Бұл Mitsubishi компаниясының өз өндірісін Еуроодақ ішіне қарай бұруымен және жаңа нарыққа шығуға бет алғанымен байланысты.
Автокөлік алпауытын қызықтырған нарықтың ішінде Ресей ерекше орын алады. Ал енді бұрынғы Mitsubishi Motors голланд зауытын жергілікті «Ви-ди-эл» фирмасы символикалық қаржыға сатып алды, ол лицензия бойынша онда BMW көліктерін шығаруды көздеп отыр.
Айта кетейік, зауытты 1 еуроға сатудың негізгі шарттарының бірі оның барлық 1500 қызметкерінің жұмыс орындарының сақталуы болып табылады. Бұрын Mitsubishi Motors кәсіпорнында шағын және жолсызбен жүретін көліктер көптеп шығарылды, алайда Еуропадағы дағдарысқа байланысты олар аз сатылды. Енді шағын көліктер өндірісін жапондық корпорация Таиландтағы зауытқа ауыстырады, сондай-ақ Ресейде де өз көліктерін шығару аясын кеңейтуді жоспарлап отыр. Ақпарат 1tv.kz сайтынан.
сурет autocentre.ua сайтынан