18 мамыр 19:51
қазақша     русский
 

Тақырып бойынша жаңалықтар »

07 маусым 15:03
ҚР ұлттық банкіндегі алтын қоры 100 тоннадан асады | 0

06 маусым 15:01
Ұлттық банктің еуродағы резервтері 25% -ға дейін қысқарды | 0

06 маусым 13:49
Мамыр айында инфляция 0,7 пайызды құрады | 0

06 маусым 11:10
Moody's Германияның 6 банкінің кредиттік рейтингін төмендетті | 0



Бөлімнің басқа жаңалықтары »

18 мамыр 10:37
Қазақстан 2012 жылы Қырғызстанға 32 млн доллар тікелей инвестиция салған | 0

17 мамыр 16:59
Банктердің экономикаға кредит беруінің жалпы көлемі 1,2%-ға артты | 0

17 мамыр 16:00

17 мамыр 09:49
Неміс кәсіпкерлері қазақстандық нарыққа дендей енуге ниетті | 0


Экономика

сурет vesti.kz сайтынан



08 маусым 16:01

Қазақстанда кірістер теңсіздігі өте жоғары

Қазақстандағы кірістер теңсіздігі жоғары болып қалып отыр, деп хабарлады Азия даму банкінің елдік директоры Ли Гангуи.

БҰҰ ДБ «Қазақстандағы кедейшілікті бағалау» зерттеуінің соңғы мәліметтеріне сәйкес, соңғы 5 жылда елдегі кедейшіліктің деңгейі едәуір төмендеді:Қызылорда облысында (37,5%-дан 6,7%-ға дейін),Маңғыстау облысында (26%-дан 11,6%-ға дейін), Ақмола облысында (25,4%-дан 4,4%-ға дейін). Алайда кірістердің теңсіздігі елеулі болып қалуда, 2010 жылы елдегі барлық ақшалай кірістердің 9% халықтың кірістері бойынша ең төмен тобының үлесіне тисе, ал жоғары тобының үлесі - 38%.

«Кедейшілік деңгейінің едәуір төмендегеніне қарамастан, қауіп аймағындағы азаматтардың пайызы жоғары күйі қалды. Бұл дегеніміз егер шара қолданылмаса, адамдардың бұл тобы «кедей» адамдардың категориясына оңай оралуы мүмкін. Сонымен бірге, аймақтық теңсіздік азайған уақытта кірістердің теңсіздігіне байланысты қауіптер қалып отыр. Мұның бәрі бұл міндеттерді шешуде нүктелі әдістерді қолдану керектігін көрсетеді», - деді Ли Гангуи, оның сөздері ақпаратта келтіріліп отыр.

Оның пікірінше, Қазақстанға кедейшіліктің деңгейін анықтаудың жаңа әдістемесін қабылдау қажет, өйткені ескісі ескіріп кеткен.

Бұл орайда БҰҰ ДБ лайықты жұмыс орындарын құрып, инфрақұрылымның сапасын арттырып, қалалар мен ауылдардың дамуын ілгерілетіп, азаматтарды әлеуметтік қорғау жүйесін күшейту арқылы қазіргі даму тұжырымдамаларын қайта қарауға кеңес береді.

Баспасөз хабарламасына сәйкес, зерттеу шеңберінде Қазақстанның 8 аймағындағы (6 аймақ пен республикалық маңыздағы 2 қала) 1309 әлсіз үй шаруашылығы зерттелген. Сауалнамаға қатысқан әлсіз отбасылардың үштен бірінің азық-түлік өнімдерін сатып алуға жеткілікті табыстары жоқ. Кедей үй шаруашылықтарының көбі шалғай аудандарда және ірі, шағын қалалардың маңында тұрады. Үй шаруашылықтарының жартысынан көбі әр түрлі материалдық шығын көрген. Зерттеу нәтижесі көрсетіп отырғандай, тақыр кедейшілік пен азық-түлік жетіспеушілігінің ошақтары әлі бар. Сауалнамаға қатысқандардың 54% ақылы қызметтер үшін ешқашан төлей алмайтындарын айтқан (кейбір аудандарда үлесі жоғары, мысалы Қызылорда облысында 85%).

Сауалнамаға қатысқан үй шаруашылықтары сапалы білім алуға кедергі келтіретін басты себептердің бірі ретінде оқулықтардың және балабақшалардың жетіспеушілігін атаған. Сауалнама нәтижесі көрсетіп отырғандай, әсіресе ауылдық жерлерде балабақшаға деген қолжетімділік проблема болып қалып отыр.
«Кедейшіліктің ұрпақтан ұрпаққа берілуіне және кейбір кедей топтардың балаларын бастапқы біліммен, арнайы орта және жоғары біліммен қамтамасыз ете алмауынан түңілуіне жол бермеу үшін білімнің маңыздылығы туралы хабардар ету өте маңызды», - делінген ақпаратта.

«…Қосымша шаралар қабылдауды қажет ететін салалар – ауылдық жерлерде жақсы су көздеріне және санитарияға қолжетімділікті арттыру, ана мен бала өлімін азайтуға бағытталған медициналық қызметтерді көрсетуді күшейтуге, АҚТҚ/ЖҚТБ алдын алу шараларын қарқындату», - деді БҰҰ тұрақты үйлестірушімі/ БҰҰ ДБ-ның ҚР-дағы тұрақты өкілі Стивен Тулл.

Дереккөз: ҚазТАГ

Ваша оценка: 0   0

Пікір қосу »

Аты*:
E-mail:
Пікір*:
Код*: обновить рисунок


Пікірлер »

Құрметті оқырмандар! Today.kz редакциясы сіздерге өтініш білдіреді! Пікір жазған кезде,балағат сөздерден, басқаның намысына тиюден аулақ болыңыз.

Соңғы жаңалықтар

Бейнебаян »
Еліміздің Республикасы Қарулы Күштерінің Жауынгерлік парады өтті (фото)
Rambler's Top100