19 мамыр 11:36
қазақша     русский
 

Тақырып бойынша жаңалықтар »

16 мамыр 09:59
Қазақстанның банк жүйесі дағдарыста | 0

10 мамыр 11:22
Халық банкі Қазақстаннан Қытайға ақша аударудың жаңа тарифтерін енгізді | 0





Бөлімнің басқа жаңалықтары »

18 мамыр 10:37
Қазақстан 2012 жылы Қырғызстанға 32 млн доллар тікелей инвестиция салған | 0

17 мамыр 16:59
Банктердің экономикаға кредит беруінің жалпы көлемі 1,2%-ға артты | 0

17 мамыр 16:00

17 мамыр 09:49
Неміс кәсіпкерлері қазақстандық нарыққа дендей енуге ниетті | 0


Экономика

сурет expert.ru сайтынан



17 мамыр 11:27

Марченко Бүкіләлемдік банктың бірыңғай мемлекеттік зейнетақы қорын құруға қарсы

ҚР Ұлттық банк басшысы Григорий Марченко Бүкіләлемдік банктың (ББ) Қазақстанда бірыңғай мемлекеттік зейнетақы қорын құру туралы ұсынысына қарсы.

«Жоқ, біз бұған наразалық танытамыз және бұл ұсыныстан бас тартамыз (ББ бірыңғай мемлекеттік қор құру туралы ұсынысынан). Біз барлық жинаған ақшаны шетелге жіберу дұрыс емес деп санаймыз», - деді Г. Марченко сәрсенбі күні «Профессиональный разговор» телебағдарламасында.

Оның айтуынша, «бүгін зейнетақы қорлары қаржының 40%-ға дейін шетелге сала алады».

«Бұл қалыпты көрсеткіш, басқа (зейнетақы) жүйелерінен көп. Мүмкін бұл соманы 50%-ға дейін көтеруге болар. Және керісінше барлық жағдайды жасау керек: мәселен біз мемлекеттік-жеке серіктестік механизмі туралы айтып отырмыз – ел ішінде жобалар құру керек», - деді Ұлттық банк басшысы.

«Бүгінгі жағдай өте қарапайым: банктер $6 млрд шамасындағы соманы  жақсы жобаларға, ел ішінде сенімді несие берушіге бағыттай алушы еді және $6 млрд-ты зейнетақы қорлары жасай алады. Сондықтан, барлық жағдай жасалуы тиіс, жобалардың іріктелуі, сараптамасы және құрылымдауы жүру керек. Бұл зейнетақы қорлары мен банктердің бұл жобалардың өтімділігі мен қайтарымдылығына сенімді болуы үшін жасалады», - деп атап өтті Г. Марченко.

Бұрын хабарланғандай, Қазақстанда барлық зейнетақы қорларын бір мемлекеттік қорға біріктіріп, оны шетелдік компанияның басқаруын қарастырған зейнетақы жүйесі өзгерісінің тұжырымдамасы әзірленуде.

Дерек көзінің мәліметтері бойынша, Қазақстанда жалғыз мемлекеттік зейнетақы қорын құру және  оны батыс компанияның басқаруына беру ұсынысы Бүкіләлемдік банк тарапынан жасалды. Жаңа тұжырымдама 2012 жылдың тамыз айына дейін қарауға дайын болады. Оны қабылдау, қабылдамау мемлекет басындағыларға байланысты, деп хабарлады әңгімелесуші.

Оның айтуынша, бірыңғай зейнатақы қорын бұрын Қазақстан үкіметімен және мемлекеттік компаниялармен серіктес болған компанияның бірі басқаратын болады. Сонымен қатар, әзірленіп жатқан тұжырымдамаға сәйкес, Астана еркіндікті (зейнетақы активтерін енгізу) шетел басқарушы компаниясына бере алады.

ҚР Ұлттық банкінің қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау және қадағалау комитетінің (ҚБК) мәліметтеріне сәйкес, ҚР жинақтаушы зейнетақы қорлары салымшыларының зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы 2012 жылдың 1 сәуірінде Т2777,9 млрд ($18,77 млрд) құрады.

Дереккөз: ҚазТАГ

Ваша оценка: 0   0

Пікір қосу »

Аты*:
E-mail:
Пікір*:
Код*: обновить рисунок


Пікірлер »

Құрметті оқырмандар! Today.kz редакциясы сіздерге өтініш білдіреді! Пікір жазған кезде,балағат сөздерден, басқаның намысына тиюден аулақ болыңыз.

Соңғы жаңалықтар

Бейнебаян »
Еліміздің Республикасы Қарулы Күштерінің Жауынгерлік парады өтті (фото)
Rambler's Top100