Алматыда 14 қыркүйекте Қала күні мерекесі аясында Алматы туралы «Алматы жүрегімде 2012» атты ән байқауы өтеді, деп хабарлады қалалық әкімшілік баспасөз қызметінен.
«Алматы туралы «Алматы жүрегімде 2012» атты ән байқауы дарынды жас композиторлар мен орындаушыларды қолдау үшін, туған қалаға деген сүйіспеншілік пен патритоттық сезімді тәрбиелеу үшін, сондай-ақ Алматының мәдени орталық ретіндегі иммиджін қолдау үшін ұйымдастырылып отыр», - делінген сәрсенбі күні таратылған хабарда.
Конкурсқа қатысуға сұраным 1-25 тамыз аралығында қабылданады.
Байқау шарты бойынша оған жастары 18-ден 30 аралығындағы эстрадалық әншілер қатыса алады.
Байқау жеңімпазының жұлдесі автомобиль. Байқау ҚР тұңғыш президентінің сахнасында өтеді. Дәстүрге айналған бұл шара қалалық әкімшілік қолдауымен өтіп отыр.