20 мамыр 22:34
қазақша     русский
 


Бөлімнің басқа жаңалықтары »


20 мамыр 17:47
«Казахфильм» басты рөлге кастинг жариялады | 0

20 мамыр 15:06
Астананың 15 жылдығында Патрисия Каас пен Таркан өнер көрсетеді | 0

20 мамыр 13:22
«Битлз» гитарасы бәссаудада 408 мың долларға сатылды | 0


Мәдениет және шоу-бизнес

сурет 1tv.kz сайтынан



15 маусым 17:05

Астана жазушылары павлодарлық әріптесіне Мәшһүр Жүсіп туралы поэмасы үшін алғыс білдірді

Астананың қазақ жазушылары ҚР Ұлттық кітапханасында павлодарлық ақын Виктор Семерьяновқа ақын, философ әрі әулие атанған Мәшһүр Жүсіп Көпеев туралы жазған поэмасы үшін алғыс білдірді.

Астанада «Фолиант» баспасынан шыққан павлодарлық төрт ақынның кітаптарының тұсаукесері өтті. Олардың қатарында Қазақстанның Жазушылар одағы мен П.Васильев атындағы әдеби бірлестіктің мүшесі, журналист Виктор Семерьяновтың да еңбегі бар. Шара барысында поэмасы үшін авторға танымал прозашы Мырзатай Жолдасбеков пен ақын әрі сол туындыны қазақ тіліне аударған Кәкімбек Салықовтар алғыс білдірді.

«Мәшһүр шыңы» поэмасы 2005 жылы Павлодарда мың данамен жарық көрді. Туындыда қазақтың көрнекті ақыны, философ, публицист, тарихшы, шипагер әрі ағартушы Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің өмірі мен шығармашылығы туралы баяндалады. Халық оны әулие деп атаған, өйткені Мәшһүрдің ел арасында беделі жоғары болған әрі адамдарға шипагерлігімен көмектескен. «Мен Виктор Гавриловичтің поэмасын үлкен ықыласпен оқып, аударып шықтым. Виктор Семерьянов ақын өміріне, оның тарихи тұстарына тоқталған. Ақырында ол Мәшһүр бейнесінің қазақ халқы алдындағы құндылығын танып, аша білді. Осы үшін біз авторға алғыс білдіреміз », - деді Кәкімбек Салықов шара барысында.

«Мәшһүр шыңы» поэмасы қазақ тілінде алғаш рет «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланды.

Дереккөз: 1tv.kz

Ваша оценка: 0   0

Пікір қосу »

Аты*:
E-mail:
Пікір*:
Код*: обновить рисунок


Пікірлер »

Құрметті оқырмандар! Today.kz редакциясы сіздерге өтініш білдіреді! Пікір жазған кезде,балағат сөздерден, басқаның намысына тиюден аулақ болыңыз.

Соңғы жаңалықтар

Бейнебаян »
Еліміздің Республикасы Қарулы Күштерінің Жауынгерлік парады өтті (фото)
Rambler's Top100