17 мамыр 20:49
қазақша     русский
 
Қой Қой
Қызмет барысында қалыптасқан бір қалыпты жағдай қазан айының аяғына дейін созылады. Кейбан (Сатурн) планетасы Зодиак белгісі ішіндегі Бикештерді тастап шыққанша денсаулығыңыз сыр беріп, кәсіби біліктілігіңіз жақсара түспек. 2009 жылдың 29 қазанынан бастап Кейбан бірнеше жыл қатарынан Таразы шоқжұлдызын айналшықтап жүреді. Бұл кезеңде қызметтестеріңізбен, бизнес саласындағы әріптестеріңізбен екі арада түсініспестік туындап, алауыздыққа жол берілуі мүмкін. Кейбан тепе-теңдікті қатаң сақтайтын Таразы шоқжұлдызына жақындаған тұста басқалармен достық және әріптестік қарым-қатынас орнату үлкен қиындық туғызады.
Торпақ Торпақ
Қыран (Юпитер) планетасы Суқұйғышқа жақын орналасқанымен, Торпақтың оптимистік көзқарасының қалыптасуына, қызмет баспалдағымен көтерілуіне, жалпы көздеген мақсатына жетуіне оң әсерін тигізеді. Торпақтар осы мүмкіндікті пайдаланып, 2009 жылы батыл қимылдап, өзінің ақыл таразына жүгінсе, қыруар іс тындырып мақсатына жетеді. Атқарған әрбір ісі үшін басшылар тарапынан айтылған алғыс-марапаттарға, шектен тыс қолдауға ие болуы мүмкін. Алайда, шектен тыс айтылған мақтау марапаттың, мансаптың баянсыз болатынын естен шығармаңыз.
Егіздер Егіздер
2009 жылы Қыран планетасы Суқұйғышқа жақын орналасқандықтан Егіздер үшін біршама қолайсыздық тудыруы мүмкін. Сол себепті Егіздердің қай істе де абай болғаны жөн. Кейбір мәселелерді шешуде іске үшінші бір тараптың араласуына тура келуі сізге кедергі келтіреді. Мақтаншақтыққа салынамын деп опық жеп жүрмеңіз. Негізінде алдағы уақытта қалыптасатын жағдайлардың барлығы Қыран планетасының орналасу жағдайы мен тигізер әсеріне байланысты болмақ.
Шаян Шаян
Қыранның зұлымдығының басымырақ екендігін естен шығармаңыз. Егер өз бойыңызда өзімшілдік, тәкаппарлық қасиеттер ояна қалса, сезімді ақылға жеңдіріңіз. Мамыр және желтоқсан айларында өз мүмкіндіктеріңізді асыра бағалаймын деп, опық жеп қалмаңыз. Биылғы сиыр жылында кездесетін қиындықтарға бола шыдамсыздық таныту абырой әпермейді. Жыл бойына ашуды ақылға жеңдіріп, ақшаңызды үнемдеп жұмсауға тырысыңыз.
Арыстан Арыстан
Нептунның Суқұйғышқа жақын орналасуына қарай бірқатар проблемалар туындауы мүмкін. Нептун қалыптасқан шындық пен сеніміңізге көлеңке түсіруі мүмкін, сондықтан кез келген жағдайға реалистік көзқараспен қарауға тырысыңыз. Әр істің байыбына бармай, асығыс қимылдау ешқашан абырой әпермейді. Нептун сізге жақындаған тұстарда маңайыңыздағы адамдармен, әріптестермен қарым-қатынас жасау қиындай түспек. Сондықтан еңбегіңіз далаға кетпес үшін ақырын жүріп анық басқаныңыз жөн.
Бикеш Бикеш
Қыранның жыл бойғы орналасуына қарай Бикештердің қай салада болмасын айы оңынан туып, жағдайы жақсара түседі. Алдыңыздан даңғыл жол ашылып, табысқа кенелесіз. Көп ретте сізге қуаныш пен күлкі сыйлайтын көңілді де қызықты оқиғалардың ортасында жүресіз. Қызмет бабымен жиі іссапарларға шығып, іскерлік қарым-қатынас нәтижелері сіздің пайдаңызға шешіледі.
Таразы Таразы
Таразы үшін қолайлы кезең енді туды. Шығармашылық қабілеті де арта түспек. Ұзақ жылдар бойы ойға келмеген жаңа идеялар туындап, оны жүзеге асыруға деген құлшынысыңыз артады. Өйткені, жұлдыздар мен планеталардың Сізге деген ықыласы өте жоғары, бұрынды-соңды кездесіп көрмеген жаңа мүмкіндіктерге бел бууға тура келсе жасқанбаңыз, жұлдыздар да, планеталар да тілекшілеріңіз болып, алдыңыздан даңғыл жол ашады.
Сарышаян Сарышаян
Сіздің кәсіби мүдделеріңізге қатысты жағдайларға Қыран планетасының тигізер әсері ерекше болмақ. Қыран планетасы 2009 жылдың 5 қаңтарынан жылдың аяғына дейін Суқұйғыш шоқжұлдызының маңайынан алысқа ұзамайды. Осы кезең ішінде Сіз белортасында жүретін оқиғалардың барлығы сізді жаңа бір бастамаларды іске асыруға жігерлендіреді. Биылғы жылы қолға алған әр ісіңіз табыспен аяқталмақ. Салиқалы істер атқару барысында тәжірибе жинақтап кәсіби шеберлігіңіз арта түседі. Қысқасы, табыс биігінен көріну үшін мол мүмкіндік туып тұр.
Мерген Мерген
Мергендер үшін биылғы жыл үлкен өзгерістерге толы болмақ. Біліміңіз бен кәсіби біліктілігіңізді арттырып, жаңа бір деңгейге көтерілесіз. Кездейсоқ танысқан адамыңыз өміріңізге үлкен өзгерістер әкелетін басты тұлға болмақ. Бұл адам сіздің болашақтағы өмірлік адал жарыңыз, келешекте сіздің әулетіңіздің атын шығаратын перзентіңіз немесе сіздің ең жақын жанашыр досыңыз бола алатын адал жан болуы мүмкін. Жазға салым қиын жағдайға тап болғаныңызбен, тілектес жандардың қолдау-көмегінің арқасында бәрі орнына келеді.
Тауешкі Тауешкі
Биылғы жылдың басты оқиғалары қызметіңізде болатын өзгерістер мен қаржы мәселесі төңірегінде өрбиді. Қыран планетасы қомақты қаржыны қолыңызбен ұстап, игілігін көруге септігін тигізеді. Қол жеткен табысқа тоқмейілсімей, алға ұмтылсаңыз өкінбейсіз. Әрине, барлығы да өзіңізге қатысты оқиғалар барысында дұрыс шешім қабылдап, байыппен әрекет етуіңізге байланысты. Дәл қазіргі кезеңде жұлдыздар мен планеталардың сізге деген ықыласы өте жоғары. Сирек кездесетін мүмкіндікті қолдан шығарып алмауға тырысыңыз. Ең бастысы, адал жолмен ғана жақсылыққа қол жеткізетініңізді ұмытпаңыз.
Суқұйғыш Суқұйғыш
Өз қарым-қабілетіңіздің қаншалықты деңгейде екендігін көрсетудің мүмкіндігі туып тұр. Сіздің мүмкіндігіңізді шектеп, аяққа оралғы болатын түрлі қиындықтар туындауы мүмкін. Одан қорықпаңыз. Қызбалыққа салынбай ақылмен іс атқарсаңыз, бәрін жеңіп шығасыз. Қыран планетасының сізге деген ықылас-ниеті құбылмалы болғанымен, жақсы нәтижеге жетудің кілті өз қолыңызда.
Балықтар Балықтар
Сіздің маңайыңыздағы адамдармен, қоғамдық ортамен тығыз байланыс жасау барысында табысқа жетуіңіз Кейбан (Сатурн) планетасының әсеріне тікелей байланысты болмақ. Кейбан планетасы Зодиак белгісі ішіндегі Бикештерге жақын орналасқандықтан, сіздің өміріңізде қолайсыз жағдайлар мен оңтайлы сәттер алма-кезек орын ауыстырып тұруы табиғи заңдылық. Сол секілді қауіпсіз, мамыражай тірлік кешіп, табысқа кенелетін сәтті күндеріңіз де аз болмайды.
Источник:aieldery.kz
Rambler's Top100